КОМПАНИЯ ҚОРЫ

«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і Ақтау, Ақсай, Атырау қалаларында, Теңіз вахталық поселкесінде, Баутино, Құрық поселкелерінде, Қаражанбас, Қарақұдық, Оңтүстік Бозашы, Доңға кенорындарында құрылыс және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдар нысандарына ие.

Бұлар әкімшілік ғимараттар, жөндеу – механикалық шеберханалар, автокөліктер үшін жабық бокстар, жылдың қысқы мерзімдерінде автокөліктерді жөндеу үшін жабық ангарлар, БӨП, диспетчерлер бөлмелері, медициналық бөлмелер, тауар – материалдар қоймалары, техникалық газ сақтау қоймасы, май қоймасы, жанармай стансалары, вахталық поселкелер және дала қалашықтары, жатақханалар, тұрмыстық бөлмелер, асханалар және т.б.

Тұрақты қаржы жағдайы МГҚ ЖШС-не уақытында және қажетті мөлшерде машиналар және механизмдер паркін жаңартуға мүмкіншілік береді. Бүгінгі күнде компания заманауи құрылыс, жол құрылысы техникалары және автотехникалар паркіне ие: Вольво, Рено жүктік өзіаударғыштары, Катерпиллар, Коматцу, Вольво, Хитачи және т.б. маркалардағы өрімтасымалдағыштар, құбыртасымалдағыштар, жүктік және арнаулы автокөтергіштер, автошығырандар, құбыртөсегіштер, экскаваторлар, автогрейдерлер. Теңгерімде барлығы 500-ден астам, қызмет көрсетуге дайын авто және арнайы техника бар.

«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-де жоғары өнімділіктегі құйматас зауыты, жинақы құйматасараластырғыш құрылғысы, құйматас тасымалы сораптары және т. б. бар.

Құрылыс материалдарын және құрылымдарды заманауи зерттеудің толық спектрлерін қамтитыні жоғары технологиялы құрылыс зертханасы жасақталған.

Стандарттан тыс жабдықтар мен құрылғылар үшін тауарлық өнімдер (құйматас, темірқұйматас бұйымдар, металл құрылымдар, тұрғын және өндiрiстiк мақсаттағы модульдар және т.б.) шығарылады.

Компания құрамында қажеттi және жеткiлiктi диагностикалық құрылғылармен жабдықталған, аттестациядан өткен, штатында жоғары кәсіби инженерлері, ақауанықтағыштары және дәнекерлеушілері бар зертхана жұмыс жасайды.