КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-і  Маңғыстау облысы және Батыс Қазақстан аймағындағы ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Компания 1964 жылы құрылған, сол уақыттан бастап мұнай және газ кенорындарын кешенді жайғастыруға,  өндірістік және азаматтық құрылысқа мамандандырылған.

Компанияның бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.

Компания келесі бөлімшелерден тұрады:

  • Компанияның басқару аппараты
  • Механизация және автокөлік басқармасы
  • Өндірістік қамтамасыз ету базасы
  • Құрылыс сапасы зертханасы
  • Өндірістік байланыс цехы
  • Орталықтандырылған ақауды анықтау және дәнекерлеу зертханасы
  • Құрылыс және механикалық жинақтау учаскелері
  • Құрылыс индустриясы базасы
  • Жобалар инфрақұрылымы тобы.

Компанияның құрылыс жағрафиясы:

  • Маңғыстау облысында — Қаражанбас, Қарақұдық, Оңтүстік Бозашы, Доңға
  • Атырау облысында — Теңіз, Қарабатан
  • Батыс Қазақстан облысында – Қарашығанақ

Компанияның аймақтық өкілдік кеңселері Атырау, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Ақсай қалаларында орналасқан.